Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды – Ел жаңалықтары

Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Қазгидромет” РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

18 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр желдің күшеюі күтіледі.

Шымкент қаласы 18 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан 15-20, күннің екінші жартысында екпіні секундына 25 метр желдің күшеюі күтіледі.

Түркістан қаласында 18 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні секундына 25 метр желдің күшеюі күтіледі.

18-20 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.

18 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр күтіледі.

Қостанай қаласында 18 қаңтарда көктайғақ, жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр күтіледі.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz