Ақтауда қоныс колониясынан қашып кеткен «Шрек» ұсталды – Қылмыс

82

Маңғыстау облысында жазасын өтеуден қашып жүрген ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтауда тонау қылмысы үшін сотталып, қауіпсіздік деңгейі төмен мекемеде  (ГМ-172/8, қоныс колониясы) өтеуі тиіс болған 29 жастағы ер адам ұсталды. 

«Сотталған М.Бердиев «Еңбек-Ақтау» РМК-ге жұмысқа тұрған, бұл мекеме қоныс колониясының территориясынан тыс орналасқан. 2019 жылдың 4 ақпанында М.Бердиев жұмыс орнынан кетіп қалып, бақылау органдарының бақылауынан тыс жағдайды пайдаланып, жазасын өтеу мекемесіне оралмаған», – делінген хабарламада. 

10 ақпанда кешкі уақытта ГМ-172/8 қызметкерлері Ұлттық ұлан мен Маңғыстау облыстық ПД қызметкерлерімен бірге жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Бердиевтің қаладағы ықшамдаудандардың бірінде ұсталғаны анықталды. Ер адамның «Шрек» деген лақапаты бар екен.

Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 427-бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Түзету мекемесіне оралмағандар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz