Әділ Тұрсынов Тұңғыш Президент кеңесшісі болып тағайындалды – Ел жаңалықтары

Әділ Тұрсынов Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

“Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын”, – делінген хабарламада. 

Әділ Тұрсынов 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2001 жылы – СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

1994 жылдан 2008 жылға дейін Сыртқы істер министрлігінің құрылымында Үндістан мен Әзірбайжандағы елшіліктің хатшысы, СІМ Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, сондай-ақ Сингапурдағы кеңесші-уәкіл лауазымдарында жұмыс істеді.

2008 жылы Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды.

2009-2016 жылдар аралығында СІМ Еуропа департаментінің директоры, Грузиядағы кеңесші-елші, кейіннен СІМ ТМД департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2016 жылдың мамыр айында Мемлекет басшысының Өкімімен Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz