“Айка” фильмі “Оскар” жүлдесінен үміттілер тізіміне ене алмады – Кино

“Айка” фильмі “Оскар” жүлдесінің “Үздік шетелдік фильм” номинациясы бойынша финалдық үміткерлер тізіміне кіре алмады. Бұл туралы премияның ресми сайтында жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Осы санаттағы сыйлық үшін бес үміткер таласады:

“Рома” (Мексика), режиссері Альфонсо Куарон,
“Холодная война” (Польша), режиссері Павел Павликовский,
“Магазинные воришки” (Жапония), режиссері Хирокадзу Корээда,
“Капернаум” (Ливан), режиссері Надин Лабаки,
“Работа без авторства” (Германия), режиссері Флориан Хенкель фон Доннерсмарк.

Марапаттау рәсімі 24 ақпанда “Оскардың” 91-ші салтанатты кешінде өтеді. 

“Айка” фильмі “Оскар” жүлдесінен үміттілер тізімінде тұр

“Айка” фильмі қырғызстандық қыздың өмірін суреттейді, ол Мәскеуде астыртын жұмыс істеп, өмір сүреді. Күтпеген жерден жүкті болып қалған ол баласын перзентханада тастап кетеді. Уақыт өте келе оның аналық сезімі оянып, Айка тастап кеткен ұлын іздей бастайды.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz