Айына 42 мың теңге – Көпбалалы отбасыларға берілетін пәтердің құны – Ел жаңалықтары

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов көпбалалы отбасыларға берілетін пәтерлерге қойылатын шарттарды атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитет басшысы әкімдікте кезекте 487 мың адамның тұрғанын айтты. Оның 28 мыңы – көпбалалы аналар.

“Пәтердің бағасы шамамен 8,4 миллион теңге, аумағы – 60 шаршы метр. Шаршы метріне 140 мың теңге”, – деп мысал келтірді Мархабат Жайымбетов үкіметтегі баспасөз мәслихаты барысында.           

Оның айтуынша, бұл бағдарламаны 2019 жылдың екінші жартысында жүзеге асырмақ. Аз қамтылған және көпбалалы отбсыларға барлығы 42 мың теңге пәтер беріледі.     

“Пәтер 8 миллион теңге тұрса, 800 мың теңгені тұрғын үй сертификаты арқылы өтей алады. 19 жылға екі пайыз: айына 42 мың теңгеден шығады, сосын келесі жылдары шамамен тоғыз жыл бойы 27 мың теңгеден шығады”, – деп есептеді Жайымбетов.                                                            



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz