Айына – 6 мың теңге: көпбалалы отбасыларға арналған арендалық үй туралы не білу керек?

Жуырда тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардысатып алу құқығынсыз арендалық үймен қамтуғамүмкіндік беретін заң қабылданды. Енді, оғансәйкес, көпбалалы отбасылар өздері жеке пәтерсатып алғанша, мемлекет берген үйде қалағануақытқа дейін тұра аладыSputnikҚазақстан индустрия және инфрақұрылымдықдаму министрлігіне сауал жолдап, арендалықүйге қатысты көпті мазалаған сұрақтарға жауапалды.

Арендалық баспана деген не?

Сенат қабылдаған заңда «сатып алу құқығынсызжалға берілетін тұрғын үй» ұғымы енгізілген. Яғни, көпбалалы отбасы мемлекеттен үйді жалғаалады, бірақ ешқашан оны меншіктей алмайды. Ақша жинап, өз баспанасын сатып алғанға дейінсол арендалық үйде тұра береді.

Сатып алу құқынсыз жалға берілетін баспанамен«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларыменнаградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағыналған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналаржәне көпбалалы отбасылар қамтылады.

Енді олар үшін жеке баспана кезегі жасалады.

Қазір республика бойынша баспанағамұқтаж 496 мың азамат кезекте тұр, соның ішінде көпбалалы отбасылар саны – 31 725.

Биыл көпбалалы отбасыларға арналғанарендалық тұрғын үйдің құрылысына бюджеттен50 миллиард теңге қарастырылған. Нәтижесіндеосы жылы 6 мың отбасы қоныс тойын тойлайдыдеп жоспарлануда.

Жалдамалы үйде кімдер тұруға құқылы?

Мемлекеттен жалға алған пәтерде көпбалалыотбасының барлық мүшесі, яғни әке-шешесі, балалары тұрады. Сонымен қатар, ата-әжесініңде тұруға құқығы бар.

Баспанаға мұқтаж азамат құзырлы мемлекеттікорганға өтініш берген кезде, өзімен біргеәрдайым тұратын отбасы мүшелерін атапкөрсетуі міндетті.

Егер балалардың барлығы 18 жасқатолып, ол жанұя «көпбалалы отбасы» мәртебесінен айырылса, мемлекет үйдітартып алмайды. Жеке баспана сатыпалғанша, тұра береді.

Алыстағы ағайынды паналатуға бола ма?

Айталық, сіз қалада отбасыңызбен біргемемлекеттен алған арендалық үйде тұрасыз. Жазғы демалыс кезінде ауылдан бір-екі айғақыдырып туған-туысқан келіп қалды. Олар сіздіңүйде уақытша тұра ала ма деген орынды сұрақтуындайды.

Заң бойынша, мемлекеттен баспананы жалғаалған адам келісімшарт бекітпей-ақ, уақытшатұрғындарды кіргізуге құқылы. Сондықтан да, қыдырып келген ағайынды да, қалаға оқуғатүскен жасты да үйімде паналатамын десеңіз, өзеркіңіз. Бірақ, үйді басқа біреуге жалға беріп, пайда табамын деп ойласаңыз, қаттықателесесіз. Ондай жағдайда үйден айырылып, далада қалуыңыз ғажап емес.

Көпбалалы отбасы қандай жағдайдабаспанасынан айырылады?

егер жалға беруші мен жалға алушыарасындағы келісімшарт бұзылса;

үйді қасақана бүлдіріп, көршілер шағымданса;

алты ай бойы пәтерақы мен коммунальдықтөлемдерді төлемесе;

пәтер дүкенге немесе қонақүйге қайтажабдықталса;

егер отбасы басқа пәтер сатып алып, ал арендалық үйді жалға бергісі келсе, мемлекетбұған жол бермейді;

Арендалық үйді жалға алу құны қанша?

Әкімдіктер мемлекеттiк тұрғын үй қорынанбаспананы пайдаланғаны үшiн төлемақымөлшерiн есептеу әдістемесіне сәйкесбелгiлейдi.

Қазіргі кезде сатып алу құқығынсыз жалғаберілетін баспананың 1 шаршы метрінің  пәтерақысы ай сайын  117-150 теңгені құрайды.

Мәселен, жалпы аумағы 40 шаршы метр үйалсаңыз, айына шамамен 4680-6000 теңгеаралығында пәтерақы төлеп тұрасыз.

Республика бойынша баға бірдей емес, ауылдарда бұдан да төмен болуы мүмкін.