Актер Владимир Этуш қайтыс болды – Кино

КСРО халық әртісі, театрда жетекші актер Владимир Этуш 97 жасында қайтыс болды, – деп хабарлайды РИА Новости. Мәліметті Вахтангов атындағы театрдың баспасөз атташесі растады. 

Владимир Абрамович Этуш 1922 жылы 6 мамырда Мәскеуде дүниеге келген.

Актер 1953 жылы “Адмирал Ушаков” фильмінде Михаил Роммның рөлін ойнады. Этуш 150-ден аса фильмде ойнаған. Ол Леонид Гайдайдың “Кавказская пленница”, “12 орынды” және “Иван Васильевич мамандығын өзгертеді” фильмдерінде комедиялық рөлдері арқылы танымал болды. 

Этуш 2001 жылғы әдебиет және өнер саласындағы РФ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. “Хрустальная Турандот” (1994), “Кумир” (2000), “Театр жұлдызы” (2008, 2012, 2016) сыйлықтарымен марапатталған.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz