Алдағы күндері ауа райы қандай болады? – Ел жаңалықтары

Синоптиктер 2019 жылдың 4-6 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Қазгидромет” РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

“Жерорта теңізінің белсенді циклонымен, әсіресе Қазақстанның батыс облыстарында кей жерлерде қатты жаңбыр өтті. Алдағы тәулікте бұл циклон толып бастап шығысқа қарай жылжыйды, ал онымен байланысты атмсофералық фронттар республикамыздың көптеген облыстарында жауын-шашын, әсіресе жаңбыр, күшті ұйытқымалы жел тудырады”, – делінген хабарламада. 

Солтүстік облыстарда жаңбырдың сулы қарға ұласуы мүмкін, оңтүстік облыстарда кей жерлерде күшті жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанады. Циклон және суық фронттардың артынан Ресейдің Еуропалық бөлігі аймағының солтүстігінен антициклон жылжый бастайды. Республикамыздың солтүстік бөлігінде түнгі температура 0-ден минус 5 градусқа дейін төмендейді.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz