Алдағы күндері елімізде жаңбырлы ауа райы күтіледі

Синоптиктердің хабарлауынша, 13-15 тамыз аралығында жаңбыр мен температураның төмендеуі күтілуде.

“Мәскеу аумағынан келетін циклон және онымен байланысты фронтальды жүйелердің шығыс бағытында жылжуымен жаңбыр, солтүстікте, шығыста және оңтүстікшығыста кей жерлерде қатты жаңбыр, республиканың басым бөлігінде найзағай және бұршақтың жаууы күтіледі.

“Еліміздің солтүстігінде күндізгі температура 35 градустық ыстықтан кейін 20-25 жылыға дейін төмендейді. Тек республикамыздың батысында және оңтүстікбатысында Каспий теңізі аймағынан келетін антициклонның ықпалымен айтарлықтай жауыншашынсыз ауа райы күтіледі“, – делінген мекеме таратқан хабарламада.