Алдағы қыста ауа райы қандай болады?

Қазгидромет синоптиктер алдағы қыста ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “Алдын ала болжам бойынша, қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нормадан бір градусқа жоғары болады, тек елдің батысы мен шығысында – нормаға жуық болады”, – деді Қазгидрометтің директоры Марина Шмидт.

Оның айтуынша, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері шамамен нормадан асады, шеткі оңтүстікте және солтүстік – шығыста-нормадан артық, ал республиканың оңтүстік-батысында – нормадан төмен. “Қыстың алғашқы екі айы республиканың басым бөлігінде жылы болады деп болжанып отыр, бірақ ауа температурасы климаттық нормадан 3-5 градусқа төмен күндер болмайды. Желтоқсанда ауа райы жауын-шашынды болады. Бұл Қазақстан аумағынан циклондар мен олармен байланысты атмосфералық фронттардың жиі өтуіне байланысты болады”, – деді ол. Қазгидрометтің ұзақ мерзімді ауа райы болжамы басқармасының бастығы Жұлдыз Исабекова ақпан айында температура нормадан 1-2 градусқа төмен болады деп атап өтті. Бұл Кар теңізі аудандарынан суық ауа массаларының жиі басып және Сібір антициклонының өтуіне байланысты болады.
Kaz.tengrinews.kz