Алексей Калайчиди ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды – Ел жаңалықтары

Алексей Калайчиди Қазақстан Республикасының ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

“Мемлекет басшысының Өкімімен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды”, – делінген хабарламда.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz