“Әлем аруы – 2019” байқауында көрсетілетін Қазақстан туралы видео Желіде пайда болды

Ұлыбританиядағы бүкіләлемдік сұлулық байқауында көрсетілетін Қазақстанның туристік орындары туралы ролик Желіге таралды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еліміздің ең әдемі аруы Мәдина Батық 14 желтоксанда Лондонда өтетін “Әлем аруы – 2019” байқауында осы видеоны көпшілікке паш етеді. Бұл кадрлар үшін түсірілім тобы екі апта жер аралап, 10 мың шақырымнан аса жол жүріп өткен екен. Видеода Маңғышлақ түбегіндегі Босжыра шатқалы, Іле Алатауы бөктеріндегі әлемге әйгілі Шымбұлақ тау шаңғысы курорты, Шарын шатқалы, Қайынды көлі, ортағасырлық сәулеттің жауһары – ежелгі Сауран қаласы, Ассы үстіртіндегі биік таулы обсерватория, қасиетті Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Ақмешіт үңгірінің құпиясы, Каспий және Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан көрсетілген. Ролик кейіпкері Мәдина Батык қонақтарды Қазақстанның көрікті жерлерін тамашалауға шақырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, түсірілім кейде экстремалды жағдайда өткен. Мысалы, салмағы 20 келі көйлекпен Мәдина Бутаков шатқалында жылқыға отырып, тауға тік беткеймен көтерілуге тура келген және мұндай жағдайлар бірнеше рет болыпты
Kaz.tengrinews.kz