Әлемдегі ең бай әйел кім? – Бір үзік

L’Oreal компаниясының негізін қалаушысының немересі Беттанкур-Майерс Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай әйел деп танылды. Журналдың мәліметінше, оның байлығы 49 миллион доллардан асып түседі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Беттанкур-Майерстің байлығы бір жылда 7,1 миллион долларға дейін (17 пайызға) өскен. Бай адамдардың тізімінде ол 15-орынға тұрақтады. Басылымның мәліметінше, толық тізім бүгін, 5 наурызда жарияланады.

Сондай-ақ, Беттанкур-Майерстің анасы Лилиан Бетанкурдың Forbes рейтінгіне 1987 жылы еніп, қатарынан 14 жыл бойы 2001 жылға дейін әлемнің ең бай әйелі атағын иеленгені айтылады.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz