Әлихан Смайылов жаңа лауазымды қызметке ие болды

Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

“Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын”, делінген Ақорда жариялаған ҚР Президенті Жарлығында.
Алдында ол Қаржы министрі болған.