Алматы-Өскемен тасжолында ондаған көлік қар құрсауында қалып қойды – Ел жаңалықтары

ШҚО-да Алматы-Өскемен тасжолында қар құрсауында қалып қойған адамдарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Мобилизациялық дайындық басқармасына сілтеме жасап. 

Желдің екпіні секундына 15-25 метрге жетіп, көру мүмкіншілігінің нашарлап, Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы-Өскемен республикалық деңгейдегі автомобиль жолында 20 қаңтардың сағат 12.00-інен бастап Аягөз Алматы облысы шекарасы жол бөлігі жабылды.

Сағат 21.00-де түскен хабарлама бойынша, тасжолда жеті автобус, сегіз “ГАЗель”, 45 жүк көлігі мен 30 жеңіл көлік жолда қалып қойған.

“Үржар ауданддық әкімдігі ШҚО ТЖД-мен бірлесіп, 52 адамды эвакуациялап, оларды Таскескен ауылына жеткізді. Айналып өтетін жол арқылы 25 жеңіл көліп шығарылып, Аягөз қаласына қарай жөнелтілді. Автобустарға жүксалғыш арқылы жолаушыларды шығара алатындай кіретін жол жасалып жатыр. Эвакуация жалғасып жатыр. Таскескен ауылында мәдениет үйінде 80-90 орынға эвакуациялық пункт дайындалған, ауыл ауруханасында 20 адам жататын орын бар. Тамақтандыруы бар. Аягөздің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 300 адамға арналған орын бар”, – делінген хабарламада. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz