Алматы – Қапшағай тасжолы көктайғаққа байланысты жабылды

Көктайғақтың салдарынан Алматы – Қапшағай тасжолы жабылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін жедел қызметтегілер тасжолдың жабылатыны жайлы хабарлаған еді. Әлеуметтік желілерде тайғақ жол түсірілген фото мен видеолар жарияланып жатыр.

Видеороликте қар тазалайтын көліктің жолда сырғанап бара жатқаны, тіпті тоқтай алмағаны көрінеді. Бір сәтте техника көлікке келіп соқтығысып, артынша тоқтайды.

Қапшағай тұрғындарының айтуынша, бір түнде Қапшағай мұзды қалаға айналды.

Instagram қолданушылары да тасжолдың жабылу салдарынан жолда кептелістің пайда болғаны жайлы хабарлап жатыр.

Алматының Жасыл экономика басқармасындағылар 31 қаңтарда таңғы сағат 7-де таулы аймақтарда қарға ұласқан жауын-шашын басталғаны айтылады. Осыған байланысты синоптиктер көктайғақ болады деп болжап отыр.