Алматы – Қапшағай тасжолында ірі жол апаты болды – Тосын жай

117

Алматы облысында 15 автокөлік соқтығысты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Алдын ала болжамға сәйкес, жол-көлік оқиғасы Алматы – Өскемен тасжолының (Алматы – Қапшағай) 20-шақырымында болған. Солтүстік бағытта жол апаты болу себебінен, кептеліс орнады. 

«Оқиға орнында полицейлер мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ», – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz