Алматы әуежайының бұрынғы президенті қамауға алынды

Алматы халықаралық әуежайының бұрынғы президенті Айбол Бекмұхамбетов сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі көлемде жымқыру немесе талан-таражға салу күдігі бойынша қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің дерегінше, 15 сәуірде “үйқамақ” санкциясы “кепілдікпен босатуға” ауыстырылды. Кепіл көлемі 3500 АЕК (8 837 500 теңге) немесе сол сомаға пара-пар мүлік.

Бекмұхаметов әуежай президенті қызметінен 2018 жылдың 11 маусымында өз еркімен кеткен болатын. Ол қызметте 2009 жылдан бері отырған. 2018 жылдың 16 тамызында Бекмұхаметов шұғыл түрде VI-шы шақырылымдағы мәслихат депутаты өкілеттігін тоқтатқан болатын.