Алматы халқы енді сақ жүрмесе, 400 “Сергек” шап еткізеді

“Сергек” фотобейнетіркеу және талдау жобасын әзірлеген Қазақстандық айти компаниясы Алматы қаласы Полиция департаментімен 400 аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеу бойынша қызмет көрсетуге шарт жасасты, деп хабарлайды Zakon.kz “Көркем Телеком” ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұзушылықтар бойынша деректер жол қозғалысы қауіпсіздігінің автоматты ақпараттық жүйесіне (ЖҚҚ ААЖ) берілетін және әкімшілік полиция өкілдері тексергеннен кейін тәртіп бұзушылар нұсқамалар алатын болады.

Бұзушылықты тіркейтін ақылды кешендер оңтүстік астанада жыл соңына дейін пайда болады. Бұған дейін Алматыда пилоттық режимде қиылыстар мен желілік учаскелерде 26 кешен және 27 қоғамдық қауіпсіздік камерасы жұмыс істеді.

2017 жылы “Сергек” кешені туралы астаналық жүргізушілер алғаш рет айта бастады. Сол кезде жоба қалада тест тәртібінде іске қосылды. Толыққанды және тиянақты жұмыстың нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласында өз жемісін берді. Бір жыл ішінде астаналық жолдарда ЖКО кезінде өлім-жітім деңгейі 43% – ға қысқарды. Егер 2017 жылы 60 адам қаза болса, 2018 жылы – 34 адам қаза болған. Бүгінгі деректер: 100 мың адамға шаққанда 4 адам қазақстандық елорданы ЖКО кезінде өлім-жітім деңгейі төмен әлемдік астаналармен бір деңгейге қояды. Алматыда 2017 жылы жол-көлік оқиғасында 136 адам қаза болды. 2018 жылы – 133 адам қаза болған.

Жасанды зерде және компьютерлік көру технологияларының арқасында “Сергек” жол жағдайын талдай алады. Бұл деректерді зияткерлік көлік жүйесін құруда пайдалануға мүмкіндік береді. Әрбір аппараттық-бағдарламалық кешен бірнеше тар бағыттағы камералар мен шолу камерасынан тұрады, олар тек жүру бөлігін ғана емес, сонымен қатар, қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті бақылауға мүмкіндік береді.

Алматыда аппараттық-бағдарламалық кешендер жылдамдық режимін арттыру, бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өту, жол белгілері талаптарын бұзу және қоғамдық көлік жолағында жүру сияқты ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркейтін болады. Бұдан басқа, “Сергек” жүйесі кейбір реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдында жылдамдықты бақылайтын болады.

Жол қозғалысы ережелерін сақтайтын жүргізушілер алаңдаушылық танытпаған жөн. Толық ақпаратты, атап айтқанда жүйе айыппұл салуға қосылған кезде уәкілетті орган қосымша хабарлайды.