Алматы облысында шіркеу дүкенін тонаған ер адам ұсталды – Қылмыс

Алматы облысының полицейлері ауылды жерде шіркеу дүкеніне қарулы шабуыл жасаған күдіктінің кім екенін анықтады, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облытық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

21 наурызда Іле ауданы Боралдай ауылындағы шіркеу аумағындағы дүкенге пышақпен қаруланған ер адам баса-көктеп кірген. Белгісіз ер адам сатушыларды пышақпен қорқытып, әшекей бұйымдар мен ақша алып кеткен. 

“Шабуылдаған ер адамның жеке басын анықтау үшін үлкен жұмыс жүргізілді. Қылмыскер шіркеуге автокөлікпен келген, кейінірек оның маркасы мен жүргізушісін анықтау мүмкін болды. Кешенді шаралар барысында аудандық полиция қызметкерлері шіркеу дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 39 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады”, – деп хабарлайды Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Қарақшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ұры жалпы мөлшерде 200 мың теңге шығын келтірген. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz