Алматы облысында жер сілкінісі болды – Тосын жай

Алматы облысында жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығыста 323 шақырым жерде екені анықталды. Тербелістің магнитудасы – 3.6. Энергетикалық класы – 8.5.

“ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ” ММ сейсмикалық станцияларының желісі жер сілкінісін 2019 жылдың 14 наурызында Алматы уақыты бойынша сағат 07:34:36-да тіркеді”, – делінген хабарламада.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz