Алматы облысында жол апатынан 7 адам мерт болды

 Алматы облысында жол-көлік апатынан 7 адам ажал құшты. Оқиға қыркүйектің 15-нен 16-на қараған түні Ескелді ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы-Текелі тас жолының 26 шақымырында «Ауди-100» маркалы екі көлік соқтығысқан. Оқиға орнында 6 адам тілге келместен көз жұмған. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен Текелі қаласының ауруханасына жеткізілген. «Дәрігерлердің алғашқы көмегіне қарамастан бір адам ауруханада көз жұмды. Қазір осы жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігімен сот алды тергеу жүріп жатыр», – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен

. inform.kz