Алматы облысының Іле-Балқаш өңіріне бұғылар қайта оралуда-Экология

232

Алматы облысының Іле-Балқаш өңіріне бұғылар қайта оралуда. Бұл туралы  Қуаныш Ожаров фейсбук парақшасында хабарлады.

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінен Іле-Балқаш резерватына 5 дана бұқар бұғыларының алғашқы тобы әкелінді.

ХХ ғасырдың алғашқы жартысында бұғылардың бұл түрі жойылып кете жаздаған.

Бүгінде бұқар бұғылары Халықаралық және Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының қолдауымен қолға алынып жатқан жоба бойынша Іле-Балқаш аймағына жолбарыстардың қайтып оралуы үшін тұяқты жануарлардың (жабайы қабан, бұхар бұғысы және т.б.) санын қалпына келтіру және көбейту қажет. 2018 жылдың қараша айында резерваттың аумағында бейімдегіш вольер салынды және осы қайта оралған 5 бұқар бұғылары (3 аналығы мен 2 аталығы) қазір соған орналастырылды.

Дайындаған: Д.Балабекұлы