Алматы облысының әкімінен коронавирус анықталды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирус жұқтырды. Ауруы симптомсыз өтіп жатыр. Амандық Баталов оқшауланып, ем алып, қашықтан жұмыс істейді.

“Өкінішке қарай, әкімнің COVID-19 бойынша тапсырған соңғы ПТР тест нәтижесі жағымсыз болып шықты, бірақ ол аурудың симпомдары білінбейтін түрі. Қазір Амандық Баталов өз-өзін оқшаулап, емделіп жатыр, жұмысын қашықтан жалғастыра беретін болады”, – деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы.