Алматы – Өскемен тасжолында алты автокөлік соқтығысты

Алматы – Өскемен тасжолында жаппай жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тасжолдың 182-шақырымында алты автокөлік жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Toyota Land Cruiser, екі Mercedes-Benz, BMW, Mazda және “Нива” көліктері соқтығысты. “Барлық көліктер Алматыға қарай бет алған, алайда бірінің артынан бірі соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, үш адам зардап шекті, олар Сарыөзек ауылының ауруханасына жеткізілді”, – делінген хабарламада.  Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.