Алматы полициясы неліктен 500 қорғаныш костюмін 125 миллион теңгеге сатып алғанын түсіндірді

Алматы полиция департаменті неліктен 500 қорғаныш костюмін 125 миллион теңгеге сатып алғанын түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Алматы қаласы полиция департаментінің карантин кезінде жұмылған қызметкерлерге 500 Л-1 қорғаныш костюмдерін сатып алғаны хабарланды. Бір костюмнің бағасы – 250 мың теңге.

“Осы күнге дейін сатып алуларға қатыспаған компаниямен 125 миллион теңгеге келісімшарт жасалған. Ал satu.kz сайтында бұл костюмдердің бағасы 12-60 мың теңге аралығында”, – делінген Instagram желісінде жарияланған жазбада.