Алматы қаласында жаңа мектеп ашылды

Бүгін  Алматы  қаласы  Алатау ауданында жаңа  мектеп ашылды. 600 бала  оқитын № 201-ші  мектептің ашылуына  қала әкімі Бақытжан Сағынтав арнайы  келді. Салтанатты жиында сөз сөйлеп, жаңа  мектептің  тұсауын кескен әкім жиылғандарға  өз құттықтауын жолдады.

«Армысыздар ардақты ата-аналар,  қадірменді ұстаздар, құрметті  оқушылар, кішкентай  бүлдіршіндер! Бүгінгі үлкен  қуанышымыз  құтты болсын! Қазір  бұл  мектепте  10 мультимедиалық кабинет бар. Бұған  қоса  робототехника  кабинеті,  компьютерлік класстар сыйға  тартылып  жатыр. Сонымен қатар  қосымша  1  жылға  интернет  жүйесін  тегін  қосып  беріп  жатырмыз. Былтырғы  оқу  жылының  қорытындысы  бойынша Алматы  қаласының  392 оқушысы халықаралық,  республикалық  олимпиадаларда  жеңімпаз  болып  танылып,  медальдар алды. Бүгін есігін  жаңадан айқара ашқан  мектептің  оқушыларыда келесі  жылы өз  үлестерін қосып, биік деңгейден  табылады деп  сенемін. Қуаныш  құтты болсын»  деді  қала әкімі  Бақытжан  Сағынтаев