Алматы, Шымкент қалалары және бірқатар облыс әкімдері тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТоқаевтыңЖарлығымен Алматы, Шымкент қалаларыныңжәне облыстардың әкімдері тағайындалды. Бұлтуралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, Шымкент қалаларының жәнеоблыстардың әкімдері туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек – Алматы қаласының әкімі;

Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі;

Ермек Боранбайұлы МаржықпаевАқмолаоблысының әкімі;

Оңдасын Сейілұлы ОразалинАқтөбеоблысының әкімі;

Амандық Ғаббасұлы Баталов – Алматы облысының әкімі;

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Атырау облысыныңәкімі;

Асқар Исабекұлы Мырзахметов – Жамбыл облысының әкімі;

Ерлан Жақанұлы ҚошановҚарағандыоблысының әкімі;

Архимед Бегежанұлы МұхамбетовҚостанайоблысының әкімі;

Қырымбек Елеуұлы КөшербаевҚызылордаоблысының әкімі;

Болат Жұмабекұлы Бақауов – Павлодар облысының әкімі;

Құмар Іргебайұлы АқсақаловСолтүстікҚазақстан облысының әкімі;

Өмірзақ Естайұлы ШөкеевТүркістаноблысының әкімі;

Даниал Кенжетайұлы Ахметов – ШығысҚазақстан облысының әкімі болыптағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастапқолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 17 маусым