Алматы тұрғындары мен қонақтарына ескерту жарияланды – Ел жаңалықтары

14 наурызда, бейсенбіде Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өклідері “Қазгидромет” РМК жіберген дауылды ескерту негізінде хабарлама жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

“Күннің жылуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде, яғни “Шымбұлақ” тау шаңғысы курорты, “Медеу ” мұз айдыны аумағында, Бутаковка шатқалының жоғарғы жағы мен Құмбел Су шатқалында (Алмарасан) 14-18 наурыз аралығында қар көшкіні болуы мүмкін.

Тау бөктерлеріне шықпауға кеңес береміз. Сақ болыңыздар“, – деп ескертеді ведомстводағылар.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz