Алматы: Жаңа жылдық атмосфера

244

«Таза Ел.кз» ақпараттық порталының тілшісі Алматыдағы Жаңа жылдық безендірілу жұмыстарын таспаға түсіріп шықты. Алматы қаласының әкімшілігі жаңа жылдық безендіруге 75 миллион бөлінген.

«Биылғы жылдың өзгешелігі барлық безендірілу бір стильде болады. Суық ақ жарықтың көмегімен негізгі ғимараттар безендіріледі. Сонымен қатар үлкен сауда орталықтары, бизнес орталықтар жарық диодтық ленталар, гирлянда және әдемі маталар көмегімен жаңа жылдық сыйлықтар түрінде көркейтіледі», – деді әкімшілік өкілдері.

Алматы қаласында төмендегі мекенжайларда алты жаңа жылдық шыршалар орнатылды:

— «AlmatyArena» мұз кешенінде;

— Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында;

— Тұңғыш президент саябағында;

— «Атакент» ҚІҚО алаңында;

— «Абай» алаңында;

— «Астана» алаңында

Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ