Алматыда 2 күн бойы су тасу қаупі бар – ТЖД

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» АГҚ филиалының 2019 жылғы 24 сəуірдегі № 41 дауылды ескертуі негізінде ескертеді.

“25-26 сәуірде жаңбыр болжамына байланысты, кей жерде қатты, Алматы қаласының іргелес аумақтарында бүйірлі ағынның қалыптасуы және өзендегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін”, – делінген қалалық ТЖД хабарламасында.

baq.kz