Алматыда 362 “Сергек” орнатылады

Алматыда жыл соңына дейін тағы 362 “Сергек” орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы брифингте қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таймерденов ведомствоның әкімдікпен бірлесіп 2021-2023 жылдарға арналған жол қауіпсіздігін арттыру бойынша кешенді жоспар әзірлегенін еске салды.

“Бұл жоспар жолдағы апат жағдайларды 15-20 пайызға азайтып, қаладағы экологиялық жағдайды 10 пайызға жақсартуға мүмкіндік береді. Қалада 414 “Сергек” орнатылған, яғни бұл 2050 камера бар дегенді білдіреді. Ал жыл соңына қарай 362 “Сергек” орнату жоспарланып отыр”, – деді Таймерденов.