Алматыда әл-Фараби даңғылының бойына 700-ден аса ағаш отырғызылады – Ел жаңалықтары

Алматыда әл-Фараби даңғылының бөлу жолағының бойына Желтоқсан көшесінен Ходжанов көшесіне дейін жапырақты және қылқан жапырақты 700-ден астам ағаш отырғызудың дайындық жұмыстары басталды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жергілікті питомниктерде өсірілген ірі көлемді ағаштар – терек, емен, шырша отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар 5,5 мың шаршы метр аймаққа гүлдер мен шыбықтар өсіріледі.

Ескі қоршауларды алып тастау 30 наурызға дейін жалғасады, гүл өсінділерін даярлау бес күнге, 1-5 сәуірге созылады.

Жұмыс барысы кезінде көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция Департаментіне жол – патруль топтарының санын ұлғайту тапсырылды.

Бұл акцияны қаланың Жасыл экономика басқармасы “Ағаш отырғыз” республикалық қоғамдық бірлестікпен бірге бизнес қоғамдастықтың демеушілік көмегі арқасында жүргізуде.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz