Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды: Қар еруі мүмкін – Ел жаңалықтары

154

Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК филиалының 2019 жылғы 09 ақпандағы АГҚ № 12 дауылды ескертуі негізінде ескертеді!

2019 жылы 9-13 ақпан аралығында Алматы қаласында ауа температурасының жоғарылауы болжамына байланысты, қар еруі және ағынды судың қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзен су деңгейінің көтерілуі мүмкін», – делінген хабарламада. 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz