Алматыда бірнеше тұрғын үй қоршауға алынды

Алматыда коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты бірнеше тұрғын үй қоршауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Гоголь көшесінде орналасқан тұрғын үйді полиция мен әскерилер қоршап алған.

Сондай-ақ Достық даңғылында орналасқан Almaty Towers тұрғын үй кешені де қоршалды.

Жароков-Қабанбай батыр көшесіндегі тұрғын үй

20 наурыздағы жағдай бойынша, республикамызда коронавирус инфекциясының 49 жағдайы расталды, оның ішінде Алматыда – 22, Нұр-Сұлтанда – 25, Қарағандыда – екі жағдай.