Алматыда дөнер сататын мекеме екінші рет сүрілді – Ел жаңалықтары

Алматыда Абай даңғылы мен Масанчи көшесінің қиылысында орналасқан танымал дөнер сататын мекеме екінші рет сүрілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші рет бұл жерді 2016 жылдың 1 маусымында қиратқан еді. Сот жекеменшік кәсіпорын иесінің жерге құқығы болмай тұра заңсыз құрылыс салғанын анықтаған еді. Оған айыппұл салынған болатын.

Бірақ 2018 жылдың қаңтарында құрылыс қайта пайда болған еді.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz