Алматыда дауылды ескерту жарияланды

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескертуді жариялады.

– Қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне байланысты Улкен Алматы (2800 метр жоғары биіктігіне) және Кіші Алматы (2600 метр жоғары биіктігіне) су алабтарында 3-15 мамыр күндері аралығында қар көшкіні қаупі сақталады, – делінген Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қар көшкіні жүруінің қауіптілігіне байланысты тау бөктеріне шығуға тыйым салынады.

Zakon.kz