Алматыда ер адам лифт шахтасына құлап кеткен – Тосын жай

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінде ер адам лифт шахтасын құлап, қаза тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД өкілдеріне сілтеме жасап.

Оқиға кеше, 13 ақпанда кешкі уақытта Алатау ауданындағы «Алғабас-6» ықшамауданында болған.

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. ТЖ салдарынан 59 жастағы ер адам қаза тапты. Қазіргі уақытта соталды тергеуді Алатау аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімі жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», – деп хабарлады полиция департаментінің өкілдері.

Оқиға мемлекеттік бағдарламамен берілетін үйде болған. 2016 жылы бұл ықшамауданда тұрғын үй бір жағына қарай қисайып, тұрғындар дереу эвакуацияланған.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz