Алматыда көркем гимнастикадан турнир өтеді

205

21-23 желтоқсан күндері аралығында Алматы «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында көркем гимнастикадан турнир өтеді.  

Оған 400-ге жуық 2003-2011 жылы туған гимнастшылар қатысатын болады. Жарыс 3 күнге созылып, FIG ережелеріне сәйкес жекелей және топтық болып өтеді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медалдар және бағалы сыйлықтарға ие болады. Ал, 4, 5, 6 орын иеленген қатысушылар грамота және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Сайыстың басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттап, қаладағы көркем гимнастиканы дамыту, спортшылардың өнерін шындау, сонымен қатар, олардын спорттық разрядтарын арттыру болып табылады.

Турнир батуттық орталық «Gravity», «Hawaii» және «Miami» аквапарктерінің, сондай-ақ, Қазақстандағы кондитерлер қауымдастығының қолдауларымен ұйымдастырылады.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ