Алматыда кафе өртеніп жатыр

Алматыда кафе өртеніп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап. Өрт 22 тамызда таңғы уақытта шыққан. Куәгерлердің айтуынша, аумақта жағымсыз күйінді иісі шыққан, өрттің қара түтіні алыстан көрінеді.  “Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына аттанды. Алдын ала кафе өртеніп жатыр”, – деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.