Алматыда қоғамдық кеңес мүшелерінің тізімі жарияланды – Ел жаңалықтары

Алматы мәслихаты қаланың қоғамдық кеңес мүшелерінің жаңартылған тізімін жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мүшелердің тізімі “Вечерний Алматы” газетінде жарияланды. 

Қоғамдық кеңестің жаңа құрамына енгендер:

1. Мұрат Әбдішүкіров – “Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің Үйлестіру кеңесінің” төрағасы”;

2. Икрам Адырбек- “Тау-Кен Самұрық” Ұлттық тау-кен компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі”;

3. Рахман Алшанов – “Тұран” университетінің ректоры”;

4. Тұрарбек Асанов – Алматы облысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары;

5. Мәди Ахметов – “Нұр Отан” партиясы Алматы филиалы “Жас Отан” жастар қанатының төрағасы”;

6. Дәурен Бабамұратов – “Жастар үні” жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы”;

7. Зульфия Байсақова – “Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы” басқармасының төрайымы”;

8. Елнұр Бейсенбаев – Qadam PRO компаниясының директоры;

9. Кристина Бекмұрзаева – YOUTHART қоғамдық қорының директоры;

10. Александр Белянов – EXPRESS AUTOSERVICE компаниясының президенті;

11. Борис Жапаров – “КазРЕНА” Қазақстанның Ғылыми білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры, “Нұр Отан” партиясы Алматы филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы”;

12. Айсұлу Ерниязова – “Еріктілер лигасының” төрайымы, “Нұр Отан” партиясы Алматы филиалы Саяси кеңесінің мүшесі”;

13. Нұрлан Жазылбеков – “Ақ жол” демократиялық партиясы Алматы филиалының төрағасы”;

14. Қалдыбай Қазанбаев – Алматы қалалық мәслихатының хатшысы, “Нұр Отан” партиясы Алматы филиалы Партиялық бақылау комитетінің төрағасы”;

15. Шегебек Қауымбаев – Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы;

16. Бекнұр Кисиков – Қазақстан франчайзинг қауымдастығының президенті;

17. Алтынай Көбеева – “Ақпараттық-ресурстық орталығы” қоғамдық қорының директоры”;

18. Рабандияр Маймақов – Алматы қаласының даму орталығының “Ішкі аудиторы”;

19. Расим Мамедов – “АЗ-БИРЛИК” әзірбайжандар бірлестігінің төрағасы”;

20. Андрей Моргунов – “Қазақстан газ қауымдастығының” президенті, “Нұр Отан” партиясы Алматы филиалы Партиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары”;

21. Сергей Пономарев – тәуелсіз журналист;

22. Майра Сағымбекова – “Гүлден Сауда” компаниясының бас директоры”;

23. Айдос Сарым – Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қор төрағасы;

24. Ерлан Смайлов – “Кипр” талдау тобының жетекшісі, жеке кәсіпкер;

25. Нұрлан Сыдықов – Алматы мәдениет басқармасының басшысы;

26. Зауреш Өмірбаева – “Алматы Кәсіподақ орталығының” төрайымы”;

27. Қазыбек Шайх – “Кооперативтер және ҚР Экономикалық қоғамдастықтарының басқа да нысандары Ұлттық қауымдастығының” президенті”;

28. Ахметжан Шардинов – “АЗМК Group” компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы”;

29. Марат Шибутов – “Транспаренси Қазақстан” қамқоршылық кеңесінің төрағасы”;

30. Айгүл Шөпшекбаева – Алматы ІІБ ардагерлер кеңесінің алғашқы ардагерлер ұйымының төрайымы.

2016 жылы Алматы Қоғамдық кеңесінің құрамына 31 адам кірген еді.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz