Алматыда Toyota блокбекетті соғып өтті: жүргізуші жазаланды

Алматыда блокбекетті соғып өткен мас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарасай аудандық соттың үкімімен ер адам айыпты деп танылды. Ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ, ер адамның сотта кінәсін толықтай мойындағаны айтылады. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сот мәліметінше, 2 сәуірде ер адам мас күйде Toyota Ipsum көлігімен келе жатып, Көксай ауылындағы блокбекетті соғып өтіп, артынша екі көлікпен соқтығысқан.