Алматыда түнде болған жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы жетеуі зардап шекті – Тосын жай

Алматыда түнде болған жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы жетеуі зардап шекті, – деп хабарлайды СТВ телеарнасының “Территория происшествий” бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Алғабас ықшамауданында болған. 

Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen минивэні Проектируемый көшесімен батысқа бағыт алған. Белгісіз себептермен жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, жолдан шығып кеткен де, аударылған. 

Жол апаты салдарынан жүргізуші қаза тапты. Тағы жеті адам – екі ересек және бес бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.


© “Территория происшествий”



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz