Алматыда жас айтыс ақындары орталығы ашылды-Фотобаян

3591

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жастар жылына» орай Оразалы Досбосынов атындағы жас айтыс ақындар орталығы ашылды. Аталмыш аудиторияда жас ақындар айтыс өнеріне қатысты сабақтар алып, өнерін жетілдіреді.

Ашылу салтанатына елімізге белгілі айтулы азаматтар, ғалымдар, айтыскер ақындар, өнер және мәдениет өкілдері, студенттер және Оразалы Досбосыновтың курстастары қатысты.

Орталықтың ашылуына орай университеттің ұйымдастыруымен «Менің пірім Сүйінбай» атты республикалық жас ақындар айтысымен жалғасын тапты. Бұл дүбірлі додаға еліміздің 30 ЖОО-нан 59 жас ақын қатысуда.

 Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ