Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: Үш адам зардап шекті – Тосын жай

Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады. Оқиға саладрынан үш адам зардап шекті, – деп хабарлайды “СТВ” телеарнасындағы “Территория происшествий” бағдарламасының тілшісі.


Сурет “СТВ” телеарнасындағы “Территория происшествий” бағдарламасынан

Жол-көлік оқиғасы Қалқаман ықшамауданындағы Бегалиев пен Елубаев көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен Бегалиев көшесімен келе жатып, Елубаевпен қиылысатын тұста “Жол бер” белгісін елемей немесе көрмей қалған. 


Сурет “СТВ” телеарнасындағы “Территория происшествий” бағдарламасынан

Осы кезде Kia маркалы автокөлік бар жылдамдығымен жедел жәрдемнің бүйірінен соққан. Салдарынан газ құбырларын ұстап тұрған тіреуіштер қираған. 


Сурет “СТВ” телеарнасындағы “Территория происшествий” бағдарламасынан

Жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті. Әр түрлі дене жарақаттарымен олар ауруханаға жеткізілді. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz