Алматыда жер сілкінді

Алматы тұрғындарына жер сілкінісі сезілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жерасты дүмпулері бүгін Нұр-сұлтан уақытымен 06.30-да Алматы қаласынан 11 шақырым жерде тіркелген. Оның энергетикалық класы – 9.7. MPV Магнитудасы – 4.6. Тереңдігі – 15 шақырым. МЅК-64 шкаласы бойынша дүмпулер 2-3 балл болып сезілген. Жер сілкінісінің тұрғындар мен нысандарға әсері болмаған, зардап шеккендер жоқ. Полиция департаменті деректері бойынша, патрульдік учаскелердегі зақымданулар мен қираулар анықталмаған. “Қазселденқорғау” ММ хабарлауы бойынша, гидротехникалық құрылыстарда, көшкін қаупі және сел қаупі бар учаскелерде деформациялар мен жарықтар пайда болған жоқ.

Kaz.tengrinews.kz