Алматыда жер сілкінді

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“15:06-да Алматыда жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі мен магнитудасы анықталып жатыр”, – деді ведомство өкілдері. Жер сілкінісі “ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ” ММ сейсмикалық стансиялар желісімен тіркелгені айтылады.  “Жер сілкінісі эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстікке қарай 5 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық классы – 8,5. MPV – 3,7 Магнитуда. Тереңдігі – 15 шақырым. Сезілуі туралы мәліметтер: 2-3 балл”, – делінген some.kz сайтында.