Алматыда жоғалып кеткен Әлихан Капановтың денесі табылды – Ел жаңалықтары

Алматыда 6 ақпанда жоғалып кеткен 23 жасатағы Әлихан Капановтың денесі табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қалалық полиция департаментіндегілер бұл мәліметті растады, жас жігіт үсік шалып, қайтыс болды деген ақпарат бар. 

«Зорлық белгілері табылмады. Өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайды»,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Жігіт туыстарының айтуынша, оның үсіген денесі Алма-Арасан маңынан табылған. 

Бұған дейін жас жігіттің туыстары мен достары 23 жастағы Өскемен тұрғыны Әлихан Капанов 6 ақпанда сағат 16.30-да Өтепов және Розыбакиев көшелерінің қиылысында үйінен шығып кетіп, жоғалып кеткенін хабарлаған. 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz