Алматыда жоғалып кеткен жігіт өлі табылды: Күдікті ретінде досы ұсталды – Қылмыс

Алматы облысында осыдан бірнеше күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 22 жастағы Вакил Мамедов өлі табылды, – деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Полицияның хабарлауынша, жігітті өзі тұратын ауылдың маңынан тапқан. Оның денесінде қинап өлтіру белгілері бар.

Бұл қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды. Ол марқұмның ауылдасы болып шықты.

«Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде», – деп хабарлады полиция департаментіндегілер.

Еске салайық, Вакил Мамедовтың туыстары 22 ақпанда оған іздеу жариялаған болатын.  

«Жігіттің денесінде зорлық белгілері болды. Осы дерек қылмыстық өндіріске алынды. Күдікті ұсталып, Іле аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталады. Барлықғы облыстық тергеу басқармасының ерекше бақылауында», – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің өкілі Әйгерім Көппаева.

КТК мен Бірінші Еуразия арнасының мәліметінше, алдын ала нұсқа бойынша, Вакилді оның жақын досы әрі сыныптасы өлтіріп кеткен.

«21 жастағы Евгений полицейлермен, еріктілермен және туыстармен бірге жоғалып кеткен жігітті іздестірді. Жігіттің ата-анасына қолдау білдіріп жүрді. Вакилдің өліміне еш қатысы жоқ екенін айтты. Бірақ ол жауап беру кезінде қателескен соң полицейлерде оның осы іске қатысы бар деген күдік туды. Ал таяуда ол адам өлтіргенін мойындап, кейін досының денесін қайда жасырғанын көрсетті», – делінген сюжетте.

Ал қайтыс болған жігіттің туыстары бұл істе бірнеше адамның кінәлі екеніне сенімді.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz