Алматыда жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті

Алматыда Райымбек даңғылының бойында автокөлік ағаш пен темір бағанаға соқтығысты, – деп хабарлайды “СТВ” телеарнасындағы “Территория происшествий” бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының бойында болған. Жүргізушінің айтуынша, ол батыс бағытта кетіп бара жатып, бұрылысқа жеткенде көлікті басқаруды игере алмай жол жиегіндегі бордюрге шығып кетіп, ағаш пен бағанаға соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті, әр түрлі дене жарақатымен оларды ауруханаға жеткізді.

Қалалық полиция өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

kaz.tengrinews.kz